Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының медаліне ие болды

552

Жас теннисші – Қазақстан тарихындағы Азия чемпионатын бағындырған алғашқы және әзірге жалғыз спортшы. 

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының медаліне ие болды

Жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы құрлықтық XXVI чемпионатта Алан Сангуанвонг Ксайпасеутты (Лаос), Аукадеччайкул Ситтипольді (Таиланд), Прадхивадхи Бхаянкарам Абхинандты (Үндістан) жеңіп, ал жартылай финалда жапондық Такуми Танимотоға есе жіберді. Осылайша қола медальға қол жеткізді.

Аланның жаттықтырушысы Эльмира Әлиева бұл жеңістің маңызды екенін атап өтті.

"Республикалық үстел теннисі федерациясының Президенті Данияр Рүстемұлы Әбулгазинге біздің осындай құрмет пен марапат алып оралуымызға, болашақта жаңа жетістіктерге ынталануымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық жағдай жасағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Чемпионатта Алан жақсы ойнады, жарқын жеңістерге қол жеткізді және Азияның үздік жас теннисшілерінің бірі екенін көрсетті", – деп атап өтті спортшының тәлімгері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу