Аталған әлемдік бәсекеге 30 елден 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
15 жастағы теннисшілер арасында Алан Құрманғалиев алдымен кіші топта бірінші орын алса, 1/16 финалда Равад Альнасерді (Катар) 3:1, 1/8-де Марсель Блашчикті (Польша) 3:0, ширек финалда Михаил Ловга (Украина) 3:0, жартылай финалда Жоана Величкованы (Болгария) 3:1 айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда отандасымыз Жапониялық спортшы Казуки Йошияманы 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен жеңіп, есесін қайтарды.
Айта кетерлігі, Алан Құрманғалиев 27 мамырда өткен халықаралық бәсекенің финалында Казуки Йошиямамен кездесіп, есе жіберген болатын.