Швецияның Хельсингборг қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан "WTT Youth Contender" халықаралық турнирінде 15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев чемпион атанды, деп жазады inbusiness.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.
Жеңіске жету жолында Алан қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Ол Янус Бедстедті (Дания) 3:0 есебімен, Баламуруган Раджасекаранды (Үндістан) 3:1 есебімен, Фридрих Кун Фон Бургсдорфты (Германия) 3:1 есебімен, Питер Алестедтті (Швеция) 3:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Сынсумен кездесіп, оны 3:0 есебімен жеңді. Ал финалда Квон Хекпен (Корея) кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу