Алан Құрманғалиев үстел теннисінен ITTF турнирінде күміс жүлдегер атанды

1177

Енді Алан алдағы бір жыл ішінде Халықаралық үстел теннисі федерациясы ұйымдастыратын 12 турнирге қатысады.

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен ITTF турнирінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Оманда өткен ITTF World Hopes Week and Challenge аясындағы әлемдік турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Тайландта өткен Asia Hopes Week турниріндегі жеңістен соң Алан екеуміз Омандағы сында үздіктер қатарынан көрінеміз деген мақсат қойдық. Қуанышқа қарай, бұл мақсатымыз да орындалды. Бұл кадеттер арасындағы ірі халықаралық жарыс, үлкен спортқа жолдама беретін турнир десек те болады. Енді Алан алдағы бір жыл ішінде Халықаралық үстел теннисі федерациясы ұйымдастыратын 12 турнирге қатысады. Осы орайда, Asia Hopes Week және ITTF World Hopes Week and Challenge турнирлеріне қатысуға мүмкіндік берген отандық федерацияға алғыс айтамын", – дейді Қазақстан командасының бас бапкері Эльмира Әлиева. 

12 жасар Алан Құрманғалиев әлемдік ITTF World Hopes Week and Challenge турниріне жолдама алып, іріктеу кезеңінен өткен 32 теннисшінің қатарына енеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу