Алан Тьюринг суреті 50 фунттық банкнотта бейнеленбек

1129

Ақпараттық технологияның негізін қалаушы Алан Тьюрингтің бейнесі 50 фунт стерлинг қағаз ақшасына басылып шығарылады. 

Алан Тьюринг суреті 50 фунттық банкнотта бейнеленбек

Алан Тьюрингтің бейнесі 50 фунт стерлинг қағаз ақшасына басылады. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. 

Тьюринг – Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің Enigma деп аталатын шифрлау машинасының кодын ашқан. Ресми дерекке сүйенсек, математиктің арқасында соғыс шамамен бірнеше айға қысқартылып, миллиондаған адам ажал аузынан аман қалған. 

Англия банкінің басшысы Марк Карни: "Тьюринг компьютерлік технология және жасанды интеллект саласының негізін қалаушы. Ол сол дәуірде өз саласында адам сенгісіз жетістікке қол жеткізді",– деген баға берді. 

Банкнот 2021 жылы айналымға енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу