"Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ"

1130

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласы жарық көрді.  

"Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ"

Нұрсұлтан Назарбаев ресми сайтында жарық көрген мақаласында қазіргі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайға тоқталып, халықты осы алмағайып кезеңде ынтымақты болуға, тәртіпке бағынуға үндейді.

"Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ",– деп халықты сабырға шақырады.

Елбасы жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысатынын ескертеді.

"Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақалада экс-президент даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының "Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды" деген қанатты сөзін еске салып, көршілес Қытайдың пандемияны ұйымшылдығы мен темірдей берік тәртібінің арқасында ауыздықтай алғанын мысал етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу