"Алаңға Сталин мен Берияның суретін алып шығу сіздің кемшілігіңіз емес пе, Ералы Лұқпанұлы?"

907

Бүгін үкімет кулуарында вице-премьер Ералы Тоғжанов Алматыда 9 мамырда алаңға Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Алаңға Сталин мен Берияның суретін алып шығу сіздің кемшілігіңіз емес пе, Ералы Лұқпанұлы?"

"Совет үкіметі кезінде ел дамуының жақсы жақтары болған шығар. Бірақ тарихтың қиын кезеңдерін ешкімнің ұмытуға қақы жоқ", – деді Тоғжанов ашаршылықта миллиондаған қазақтың өмірі қиылғанын еске алып.

"Сталинге де, Берияға да қатысты тарихшылар нақты бағасын берді. Оны жақсы білесіздер. Оның дәуірі біздің өміріміздің нақты қиын кездерімен де байланысты. Сондықтан оны қолдаймын деп те айта алмаймын. Демократиялық Қазақстанда әр адам ойын айтуға құқылы. Дегенмен мұндай жағдайды елдің азаматтары келешекте ескергені дұрыс деп есептеймін", – деді Тоғжанов.

"Алматыда Сталин мен Берияның суретін алып шығу – идеологияға жауапты сіздің жұмысыңыздың кемшілігі емес пе?", – деп сұрады тілшілер. 

"Менің де жұмысыма қатысы бар шығар. Әңгіме тек онда емес. Қазақтың әрбір азаматы, оның ішінде Қазақстан халқының сана-сезіміндегі бұл бір терең сұрақ деп қарастырамыз. Сондықтан оның ішінде сіз де, әр отбасы бар. Осындай сұрақтарды әркім өзіне, ортасына, елге түсіндіруі керек", – деді ол.

Тоғжановтың айтуына қарағанда, 31 мамырға қарай саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына қорытынды беріледі.

Тасқын Болатұлы

Фото ашық дереккөздерден алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу