Аланьяда суға батып кеткендер құтқарылды

361

Қаза тапқан бір адамның денесі судан шығарылды.  

Аланьяда суға батып кеткендер құтқарылды

Түркияда теңізге жақын орналасқан Анталья қаласы маңында серуендеуге арналған катер суға батып кетті. "Анадолу" агенттігінің дерегіне сүйенсек, бортта болған 36 адам құтқарылды, ажал құшқан бір адамның денесін де мамандар тапқан. Аман қалғандар ауруханаға жеткізілді. 

Ресми дерекке сүйенсек, оқиға жағалаудан 50-100 метр қашықтықта болған. Ол жер су аялдамасы ретінде саналады және ол маңда туристер суға шомылады екен. 

Daily Sabah басылымының мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан адам – Ресейден келген Данияр Махитов есімді турист. Жалпы катерде 32 ресейлік турист және 5 экипаж мүшесі болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу