Алапат су тасқыны болған Балиде төтенше жағдай жарияланды

112

Ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен.   

Алапат су тасқыны болған Балиде төтенше жағдай жарияланды Фото: Известия

Бали аралында су тасқынына байланысты бір аптаға төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан кемінде 19 адам қаза тапқан. Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен. 112 аудан су астында қалып отыр, бірнеше жерде көшкін болған. 

Мыңдаған үй мен ғимаратты су басып, электр сымдары бүлінген. Кейбір жол учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Аралдағы 800 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Елдің метеорология қызметінің мәліметінше, аралдың кейбір аудандарында екі күн ішінде 150 мм-ге дейін жауын-шашын түскен. Синоптиктер алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу