Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты. Атап айтсақ, Мәмбет Қойгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сауытбек Әбдірахманов, Нармахан Бегалыұлы және өзге де тұлғалар сөз сөйлеп, рухани маңызды бастаманы жоғары бағалады. Меценат Бекет Тұрғараев пен жергілікті әкімдіктің үйлесімді ісіне ризашылықтарын білдірді.
Сонымен бірге осы күні "Анаға тағзым" және Қажымұқан балуанға арналған ескерткіштердің де ашылу салтанаты өтті.
Даңқты балуанның 150 жылдығына арналған ескерткішке және ананың мейірімі суреттелген өнер туындысына қонақтар оң бағасын берді.