Қостанай облысында өткен ақындар айтысында Айбек Қалиев бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Қостанай таңы газеті.
Таран ауданында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Жыр додасына Айбек Қалиев, Салтанат Өтелбаева, Байбатыр Ахметбеков, Ғалымгерей Кенжеғожин, Мамай Ізтілеу және Марғұлан Оспанов сынды ақындар қатысты. Қазылар алқасында А.Шаяхмет, Н.Мұқатов, Ә.Орманшина, К.Қонысбай сынды танымал тұлғалар болды.
Бас жүлдені Айбек Қалиев қанжығасына байлады. 1-орын Мамай Ізтілеуге бұйырса, 2-орынға Салтанат Өтелбаева лайықты деп танылды. Ал 3-орынды Марғұлан Оспанов пен Ғалымгерей Кенжеғозин бөлісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу