Алаш тас жолы 2 тамызға дейін жартылай жабылады

670

Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Алаш тас жолы 2 тамызға дейін жартылай жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алаш тас жолында Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған орай, 17 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу