Шетелдік ғалымдардың қатысуымен Алаша ханның тегі зерттеледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алаша ханның ұлтына қатысты көптеген пікір бар. Намысқа тиеді... Сондықтан қазір Алаша хан жайлы деректерді жинап жатырмыз. Мамырда мазарына барып, арнайы видеоматериалдар түсіреміз. Әлем ғалымдарына үндеу жасаймыз. Кейін шетел мамандары келіп зерттейді",– деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Youtube-тағы Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазақ жерінде билік құрған Алаша ханның шыққан тегі мен есіміне байланысты түрлі деректер бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу