Алатау ауданында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады

300

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 

Алатау ауданында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады Фото: Almaty.tv

Қараша айында "Самғау" және "Өжет" шағын аудандарында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады.
Бұған қоса, "Қарасу" және "Шаңырақ-1" шағын аудандарында жалпы ұзындығы 150 км су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстары қолға алынған.

"Қарасу" шағын ауданы бойынша жұмыстарды тамыз айының соңына дейін, ал "Шаңырақ-1" шағын ауданы бойынша осы жылдың қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу