Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берілсін", – деп жазылған жарлықта.
Құжатқа сәйкес, осы қаланы дамыту жөніндегі кеңес құрылады. Ол "Alatau City Authority" мемлекеттік қорын басқарады.
Мемлекет басшысы жыл аяғына дейін парламентке Алатау қаласы туралы конституциялық заң жобасын енгізуді тапсырды. Жарлықты орындау президент әкімшілігіне жүктеліп отыр.
Президенттің пікірінше, Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек.