Алатау қаласында атауы жоқ көшелер көп

Шаһарда ескірген көше атаулары да кездеседі. 

Алатау қаласында атауы жоқ көшелер көп Фото: tengrinews.kz

Мұны Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шаһар басшысы Әркен Өтенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, ономастика саласы бойынша Алатау қаласы әкімшілік-аумақтық құрамында 12 шағын аудан бар. Көшелердің жалпы саны 366 болса, 24 көшенің атауы қойылмаған.

– Қазір қала аумағындағы жаңа құрылыс алаңдарында атауы жоқ 24 көше бар. Атап айтар болсам, Жаңаталап ықшам ауданындағы 8 көшеде, Ынтымақ ықшам ауданындағы 15 және Жаңадәуірдегі 1 көшеда атау болмай тұр, – деді шаһар басшысы. 

Қалада атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасы жоқ көшелер де кезігеді. 

– Ескірген 26 көшенің атауын өзгерту туралы сұраныс хаты облыстық ономастика бөліміне жолданды. Жоспарға сәйкес, көше атауларын өзгерту осы жылдан бастап қарастырылатын болады, – деп қоса кетті Әркен Өтенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу