Алатау қаласында жұртты "тегін тамаққа таластырған" дәмханаға айыппұл салынды

129

Алатау қаласында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген дәмхана жазаланды.

Алатау қаласында жұртты "тегін тамаққа таластырған" дәмханаға айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

26 қазан күні Алатау қаласында дәмхананың ашылуына орай тегін суши таратылған.

Алайда тегін тамаққа таласқан адамдардың көптігінен дәмхана алдында тәртіпсіздік орнаған.

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында іс-шараның Алатау қаласы әкімдігімен келісілмегені анықталды.

Сондай-ақ, дәмхана әкімшілігі көпшілік жиналған жерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын орындамаған.

– Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу