Алатау қаласының құрылысына отандық өнімді пайдаланған жөн

Ел Президенті жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, Alatau city жобасы құрылысқа және жалпы ел экономикасына мықты серпін беретініне сенеді.   

Алатау қаласының құрылысына отандық өнімді пайдаланған жөн Фото: Ақорда

Сондай-ақ, құрылысты толық әрі қарқынды жүргізу үшін жер мәселесін шұғыл шешу керек екенін еске салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Алматы облысының жері өте шұрайлы екені баршаға мәлім. Қаладағы және іргелес аумақтағы жер телімдерінің көпшілігі жеке меншікте немесе ұзақ мерзімге жалға берілген. Олардың басым бөлігі әлі күнге дейін игерілмей жатыр.

Мемлекет қажетті нысандар салып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін сатып алуға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдай бүкіл жұмысқа үлкен кедергі келтіруде.

Өкінішке қарай, құрылысы басталған жобалардың саны жоспарға сай емес, яғни, әлдеқайда аз. 2024-2025 жылдардың өзінде қолданылмай жатқан 16 мың гектардан астам жер анықталды. Бірақ оның бар-жоғы 688 гектары ғана мемлекетке қайтарылды. Бұл жұмыс көптен шешімін таппай келе жатқан шектеулер мен рәсімдік кедергілерге байланысты өте баяу жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы. 

Президент дәл осы мәселе бойынша "билік мекемелерінің қауқарсыздық көрсетуге хақы жоқ" деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу