Алатау қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

233

Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Алатау қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді Фото: ТЖМ

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді, деп жасады inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу