Еліміздің ІІМ алатаяқтарымен "қоштасқан" жол сақшыларының көрінуін қамтамасыз ету үшін олардың киімдеріне толықтыру енгізгелі отыр, деп жазады kolesa.kz.
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полицейлерді алатаяқтан "айырудың" нәтижесі қандай болғаны туралы алдағы уақытта мәлімдейтінін айтты. Дегенмен оны қайтадан қайтарып беру жайы сөз болып отырған жоқ. Қазіргі таңда жол үстіндегі полицейлер айқын көрінуі үшін арнайы қолғап сыртынан киілетін ағытпалы білезік сатып алу жайы қарастырылып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу