"Алау сенімді қолда": Рэпер Снуп Догг Парижде Олимпиада алауын алып жүрді

166

Әнші оқиға орнынан түсірілген суретті Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Алау сенімді қолда": Рэпер Снуп Догг Парижде Олимпиада алауын алып жүрді Фото: instagram парақша

52 жастағы америкалық рэпер Снуп Догг 2024 жылы 26 шілдеде жазғы Олимпиаданың басталуы қарсаңында Париж маңындағы Сен-Дени қалашығындағы "Стад де Франс" стадионының жанынан Олимпиада алауын алып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алау сенімді қолда", – деп жазды ол сурет сипаттамасына.

Жанкүйерлердің бір легі бұған өз таңданысын білдірсе, ал тағы біреулер  музыкант қатысып жатқандықтан ғана Олимпиадаға қызығушылық таныта бастағанын атап өтіпті. Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілде, жұма күні өтеді. Ал ойындар 11 тамызға дейін өз жалғастығын табады. Бұған дейін Францияда апатқа байланысты 800 мың жолаушы вокзалдарда түнеуге мәжбүр болғаны хабарланған. Олимпиаданың ашылу салтанаты болған күні қасақана өрт қою орын алып, бірқатар теміржол желілері істен шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу