Алаяқ декреттегі әйелдің атынан заңсыз несие алған

479

Алаяқ жәбірленушіге өзін қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ декреттегі әйелдің атынан заңсыз несие алған

Ақмола облысында алаяқ декреттік демалыста жүрген әйелге заңсыз 3,6 млн теңгеден астам сомада несие ресімдеген.

Есіл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті. 1 қыркүйек күні жәбірленушінің айтуы бойынша, белгісіз тұлғалар оның атына банктен 3,6 млн теңге сомасында несие ресімдеген.

Алаяқ жәбірленушіге өзін қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, әйелге телефонында орнатылған банк қосымшасы мен egov.kz қосымшасының бұзылғанын және оның атына, алаяқтар несие рәсімдеген деп алдаған. Күдікті әйелдің және оның туыстарының жеке мәліметтерін, шот нөмірлерін, ЖСН, мекенжайлары мен телефон нөмірлерін атағаннан соң, әйелді қолма-қол ақшаны қайтару үшін телефонға қашықтан қол жеткізу қосымшасын орнату керек деп сендірген.

"Белгісіз адамның алаяқтық әрекеттерінен жәбірленушінің атына жалпы сомасы 3,6 млн теңгеге несие ресімделді. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу