Алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді – Президент

851

Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ.

Алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді – Президент

Үкімет отырысында Президент халықты үрей мен қорқыныш билеп алғанын айтты. 

"Олар өздеріне қажет емес дәрілерді сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек.
Беделді дәрігерлер телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының сөзінше, бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды.

"Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз", – деді Президент. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу