Грант алып бермекші болған алаяқ 25 адамды алдады

533

Ол 30 млн теңге иемденіп алған.  

Грант алып бермекші болған алаяқ 25 адамды алдады Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлердің анықтауынша, алаяқ әйел 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдаған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Ол бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу