Алаяқ гроссмейстер шахмат турнирінен шеттетіледі

745

Латвияның бұрынғы чемпионы Игорь Раусистің Страсбургтегі шахмат  турнирінде қулыққа барғаны камераға түсірілді. 

Алаяқ гроссмейстер шахмат турнирінен шеттетіледі

58 жастағы гроссмейстердің рейтінгі соңғы жылдары қарқынды өсіп келген. Ұйымдастырушылар ұзақ уақыт бойы оның әділетті ойын көрсетіп жүргеніне күмән келтірсе де, ешбір дәлел келтіре алмаған. 

Страсбургте өткен сайыста олар дәретхана ішіне жасырын камера орнатып, Раусистің қитұрқы әрекетін әшкереледі. 
Ол бұрыннан смартофондағы арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегіне жүгініп келген. 

Мұндай аналитикалық бағдарлама ойын барысында қандай жүріс жасау керектігін көрсетеді. Кейде алаяқ шахматшылар жеңіске жету үшін Морзе әліппесін де қолданады. 

Гроссмейстер өз айыбын мойындады. Енді ол өмір бойы шахмат турнирінен шеттетіледі. Қазір оның ісін Халықаралық шахмат федерациясының арнайы комиссиясы қарап жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу