Алаяқ интернет арқылы елорда тұрғынының 500 мың теңгесін иеленіп кеткен

2309

Нұр-Сұлтан қаласында интернет-алаяқтық фактілері жиілеп отыр. 

Алаяқ интернет арқылы елорда тұрғынының 500 мың теңгесін иеленіп кеткен

Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге байланысты жасалатын қылмыстар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар пәтер және автокөліктер сатуға бойынша жарнамалар сайтына кіріп, байланыс телефондарға қоңырау шалып, мүлік сатып алуға ниет білдіретінін және кепілдікке алдын ала ақша беретіні туралы хабарласып, келіскендей болады.

Әбден сенімге кіріп алған соң сатушыдан төлем карточкасын "интернет-банкинг" қызметіне қосуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмеген азаматтарды алдап, ақшалай қаражат бар шоттар бойынша түгелдей мәліметтерді сұрап алады.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне интернет-алаяқтық фактісі жөнінде қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Белгісіз біреу оның жарты миллион ақшасын алдап иеленген. Өз үйін сатуға қойған әйел мәліметтерді алақтарға өзі жіберіп, ақшасынан айырылған.

Қазіргі таңда осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы ПД интернет-пайдаланушыларына қырағылық танытып, интернет-алаяқтарының құрығына түсіп қалмауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу