Алаяқ құрылыс компаниялары көбейді

3871

Нұр-Сұлтанда бір топ адамды үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ ұйым алдап кеткен.

Алаяқ құрылыс компаниялары көбейді

Елімізде тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен дамып келеді. Мәселен, 9 айдың қорытындысы бойынша 10,4 млн шаршы метр пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 8%-ға артық. Жалпы биылғы жылға 17 млн ​​шаршы метр баспана салу жоспарланған.

Алайда аталған секторда алаяқтық фактілері көбейген. Мәселен, биылғы жылдың тоғыз айында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сапасыз құрылыс саласында – 5, сараптамалық немесе инженерлік-техникалық жұмыстарды тиісінше орындамау – 6, құқық бұзушылық саласында – 3 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұған қоса тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша 30 жағдай анықталды.

Елімізде заң тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтардың құқықтарын барынша қорғауға негізделген. Мысалы, Нұр-Сұлтанды қала әкімдігінің сайтында заң бұзушылықтарға жол берген компаниялар туралы ақпарат тұрақты жарияланады. Осы жылдың қазан айында ведомство жүйеге 50 компанияның тізімін салды. Айта кететіні, бір ай бұрын елордалық үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімінде 30-дан астам компания болған, яғни бір айдың ішінде тізім бір жарым еседен аса өсті. 

Сонымен қатар бұл қазақстандықтардың баспана сатып алу кезінде алданып қалу қаупінің өте жоғары болып отырғанының көрсеткіші болып табылады.

Проблемалы жылжымайтын мүлік салушылар тізіміне "BS Company" ЖШС, "White Gold Development" ЖШС, "General Capital Company" ЖШС, "Dicoldi Partners" ЖШС, "Asyl Tas Invest Construction" ЖШС, "International Invest Company IIC" ЖШС, "Транскапитал", "Astana Development Project Company" ЖШС және т.б. кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, әкімдік тізбесіне енгізілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер – алдын ала брондау шарты, инвестициялық шарт, басқаға беру шарты жарамсыз деп танылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу