Алаяқ Семей қаласының тұрғынына 700 мың теңге несие рәсімдеген

745

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   

Алаяқ Семей қаласының тұрғынына 700 мың теңге несие рәсімдеген

Бұл туралы polisia.kz порталы мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz

Ақпан айының ортасында Семей қалалық "102" жедел арнасына 19 жастағы жергілікті тұрғын хабарласады. Ол 2021 жылдың шілде айының соңында жерлес жігіті оның атына алаяқтық жолмен шамамен 690 мың теңге көлемінде тауарлық несие алып, ақшасын иемденіп кеткенін жеткізді. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады, ол 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты. 

"Жауап алу кезінде ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.  Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі "Алаяқтық", оның санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу