Алаяққа 3 млрд теңгеге алданған ақтаулықтар Президенттен араша сұрайды

497

3 жыл ішінде 3 млрд теңгені жымқырып кетті.

Алаяққа 3 млрд теңгеге алданған ақтаулықтар Президенттен араша сұрайды     Фото: 112aktau

Ақтауда автонесие бойынша алаяқтардың құрбандары облыстық әкімдік алдына наразылыққа шықты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеөтініш жолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алданған адамдар өздерін алдап соғып аса ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқтарды жауапкершілікке тартуға көмек сұрайды. Зардап шеккендер бұл іске қатысы бар алаяқтар деп Қайрат Сүлейменов пен оның басқа да сыбайластарын атайды. Олар әлі күнге дейін ешқандай жаза алмағанын айтады.

Қазіргі уақытта алаяқтар бостандық жүр және Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарын алдауды жалғастыруда екен.

Әділдік іздегендер өңірдің 231 тұрғыны зардап шеккенін алға тартты. 

"Біз Мемлекет басшысынан кінәлілерді жауапқа тартуға жәрдем көрсетуді сұраймыз. Істі жеке бақылауға алуыңызды сұраймыз.  3 жыл ішінде 3 млрд теңгені жымқырып кетті. Қазір Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында тұрғындарды алдап, қылмыстарын жалғастыруда. Оларға заң жоқ па?", - дейді зардап шеккендер.

Айта кетейік, 2022 жылы Маңғыстаудың 200-ден астам тұрғыны автокөлік алушыларының құрбаны болған. Олар белгісіз тұлғаларға автокредит алып беру арқылы алданған болып шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу