Әйелдің ұялы телефонына хабарласқан адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сеніміне кірген алаяқ әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинақтарын қолды еткен.
"Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинақтарын үш банктік шоттан өзінің картасына аударған. Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн теңгеге жуық теңгесінен айырылған", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.