Алаяқтар 210 адамды 26 млн теңге қарызға батырды

758

Қостанай облысының полицейлері ел азаматтарының сыртынан онлайн-кредит рәсімдеп жүрген елордалық алаяқтарды ұстады. Олар 210 адамның атынан 26 млн теңге онлайн-кредит алған.  

Алаяқтар 210 адамды 26 млн теңге қарызға батырды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қостанай облыстық полиция департаменті қиберқылмыспен күрес қызметінің өкілдері азаматтардың жеке басына қатысты деректерді заңсыз пайдалану арқылы микронесие ұйымынан 70-300 мың теңге аралығында онлайн-кердит алып отырған. Салдарынан еліміздің 12 өңірінің 210 тұрғыны зардап шекті. Олар қарыздары бар екенін микронесие ұйымы мен полиция қызметкерлерінен білген. Алаяқтар рәсімдеген онлайн-кредит көлемі 26 млн теңгені құрады. Олар ақшаны банк карточкалары арқылы шешіп алып, құмар ойындарына жұмсаған. Күдіктілер тергеу изоляторына  қамалды", – деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу