Алаяқтар 95,8 млрд теңгеге шығын келтірді

650

"Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 7%-ға өсті. 

Алаяқтар 95,8 млрд теңгеге шығын келтірді

Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында елде "Алаяқтық" бабы бойынша 37,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 47,4%-ы интернет-алаяқтық жағдайлары болды (17,7 мың). Бұдан бөлек төлем картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаудың 244 дерегі, ақшалай қарыз алу бойынша – 91, несие беру бойынша – 47, жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықтың бір дерегі тіркелді.

Республика бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді (8,7 мың жағдай). Бұл былтырғыға қарағанда 20,5%-ға көп. Антилидерлер үштігіне Астана (5,7 мың жағдай) мен Шымкент (3,5 мың жағдай) қалалары кірді.

Осы тұста алаяқтық бабымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең аз саны жаңадан құрылған үш облыста тіркеліп отыр. 

Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес, алаяқтар 95,8 млрд теңге сомасына залал келтірді. Бұл өткен жылға қарағанда 88,3%-ға артық.

Оның ішінде жеке тұлғаларға – 64 млрд теңге, заңды тұлғаларға – 23,2 млрд теңге, мемлекетке – 8,6 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу