Алаяқтар Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған

663

Ақша инвестициялауға шақыратын жарнамада шығарған.

Алаяқтар Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суреті бар алаяқтардың жарнамасы тарауда.

Отандық сайттардың бірінде жарияланған Үкімет басшысының сұқбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады.

Stopfake.kz мұның фейк екенін хабарлайды.

Сондай-ақ Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу