Алаяқтар банкоматтан ақша жымқыруда түрлі құйтұрқылыққа баруда

1084

Алаяқтар банкоматтан ақша жымқыруда түрлі құйтұрқылыққа баруда

Алаяқтар банкоматтан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Ол үшін арнайы компьютерлік шинаны қолданатын болды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап reactor.inform.kz  жазады.
"Осындай үрдіс шамамен 4-5 ай бұрын белең алды. Кейбір банкомат түрлерінде бұрғымен тесілген жарық пайда болуда. Сол жерге шина қосылады. Осы құрылғының көмегімен бұзақылар ақшаларды алып алады”, – дейді Ресейдегі Сбербанк өкілі Станислав Кузнецов.
Оның сөзінше 80 мың банкоматы бар Сбербанк ондай өндіріс орындарының қызметінен қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда бас тартады.
“Бұл ақпарат өндірушіге хабарланған, бірақ олар үнсіз қалды. Әрине, мұндай жағдайда бізге бірігіп жұмыс істеу керек. Біз не сіздердің банкоматтарыңызды сатып алмаймыз, не болмаса сіздер қандай да бір шара қабылдауларыңыз керек. Бұл проблема жақын арада шешімін табады деп ойлаймын”, – деді ол.
Құқық қорғау органдары мұндай ұрлық әрекеттері бірнеше жерде орын алғанын айтады. Бұзақы банкомат саңылауын бұрғылайды және сол жерден “шинаны” – ішкі компьютердің сымын шығарып алады. Сосын ол сымды өзінің құрылғысына жалғайды. Содан соң арнайы бағдарлама арқылы банкоматты толық бақылауға алып, ақша алатын жерінен барлық ақшаны шығарып алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу