Алаяқтар енді Қаржылық мониторинг агенттігінің атынан хабарласатын болған

223

Алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.

Алаяқтар енді Қаржылық мониторинг агенттігінің атынан хабарласатын болған Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілері көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. 

Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады. 

Бұл ретте қоңырау шалушылар өз әрекеті жайлы ешкімге хабарламауыңыз керегін айтады.

Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысу/операция жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатпайтынын ресми мәлімдейді.

"Егер сіз алаяқтық схемаларға тап болсаңыз, сондай-ақ ұялы телефоныңыз бен ондағы деректердің ұрлануын болдырмау үшін ҚМА мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе Агенттіктің Call-орталығына (1458) хабарласуды сұраймыз", - деп ескертеді агенттіктен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу