"Интернетте жалған қаржы компаниялары азаматтарға "Қазмұнайгаз", "Теңізшевройл" мұнай компаниялары, "Бәйтерек Инвест" мемлекеттік цифрлық платформасы, және "Kaspi bank" сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейіп бара жатқанын ескертеміз", – деп хабарлады агенттікте.
Танымал компанияның атып жамылып, халықты сан соқтырып кететіндердің қалай анықтауға болады? Ол үшін әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеруге болады.
"Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді. Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар", – деп ескертті ҚМА баспасөз қызметі.
Құралай Құдайберген