Алаяқтар қайтыс болған алматылықтың шотынан 1 млрд теңге жымқырмақ болған

571

Іс жүзінде оның ешқандай қарызы болмаған.

Алаяқтар қайтыс болған алматылықтың шотынан 1 млрд теңге жымқырмақ болған

Алматы қаласы прокуратурасының дерегінше, алаяқтар қайтыс болған Алматы тұрғынның қарызы барын айтып сотқа арызданған, деп жазды inbusiness.kz. 

Олар жалған құжат жасап, сотты жеңген. Осыдан кейін жеке сот орындаушысы сот шешімі негізінде марқұмның есепшотындағы 1 млрд теңге қаржыны өз шотына аударып алған. Бұл қаражат кейіннен алаяқтардың шотына аударылуы керек болған.

"Алаяқтардың қылмыстық әрекеттерін соңына жеткізуге жәбірленушінің жұбайы мүмкіндік бермеді. Ол дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінді. Нәтижесінде, кінәлі тұлғалар анықталып, әр түрлі жаза мерзіміне сотталды", – деп хабарлады прокуратура. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу