Алаяқтар қарияларды алдау үшін енді қазақ тілінде сөйлей бастады

465

Алматы облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың кезекті дерегінің алдын алды.  

Алаяқтар қарияларды алдау үшін енді қазақ тілінде сөйлей бастады Фото: Видеодан скриншот

Бұл жолы Қарасай ауданының егде жастағы тұрғындары алаяқтардың құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зейнеткерлер алаяқтардың жиі қолданатын схемалары туралы хабардар болғанына қарамастан, қаскөйлер олардың сеніміне кіре алған. Себебі олар қазақ тілінде еркін сөйлеп, ешқандай акцентсіз түрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде хабарласқан.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні дер кезінде тіркеп, қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде азаматтардың қаржылық шығынға ұшырауына жол берілмеді.

Полиция қызметкерлері дайындаған бейнематериалда алаяқтардың адамдарды жаңылыстыру үшін қолданатын әдістері мен сылтаулары көрсетілген. Мұндай материалдар профилактикалық мақсатта жарияланып, азаматтарға қылмыскерлердің құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіруге бағытталған.

Жыл басынан бері Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы интернет-алаяқтықтың 30 дерегінің алдын алып, азаматтардың қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің тұрақты бақылауында және "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, бөгде адамдарға жеке деректерін, SMS-хабарламалардағы кодтарды, банк карталарының деректемелерін бермеуге және күмәнді қоңыраулар туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу