Алаяқтар Kaspi Pay-ді өз мақсатына пайдалана бастады

1260

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. 

Алаяқтар Kaspi Pay-ді өз мақсатына пайдалана бастады

Блогер Аршат Ораз Фейсбук парақшасында Kaspi қосымшасындағы төлемдерге түрлі мекеме атынан хабарламалар келіп, адамдар алаяқтардың арбауына түсетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Каспи қосымшасындағы төлемдерге түрлі мекеме атынан төлем хабарламасы келеді. Адам соған сеніп қалып, төлеп жібереді. Кәдімгідей Каспидегі шын төлем хабарламасы. Бұны қалай істеп отыр? КаспиПэйде кәсіпкер есепшот ашады да, қарамағындағы адамдарды қоса алады, тұтынушыларға төлем шотын шығаруы үшін. Сол кезде адамның аты-жөні орнына алаяқтар мекеме атын жазып қояды екен. Каспи оны тексермейді, премодерация жоқ. Осылайша, сенімді болып көрінетін төлемдер кете береді адамдарға. Интернет банкинг жақсы дамыды, онлайн төлемдерге үйрендік дейміз. Бірақ оның да кем тұстарын алаяқтар тез тауып, өз пайдаларына қолданады", – дейді блогер.

Аршат Ораз алаяқтардың Каспиде есепшотты қалай ашатынын, ресми есепшот болса, оларды тауып алуға бола ма деген сауал тастайды. Бұл жазба бойынша Kaspi гид жауап қалдырған болатын.

"Бұл серіктес мобильді қосымшада бұғатталған, заңсыз әрекеттер расталса, оған қатысты тиісті шаралар қолданылады. Сіз Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы төлемге мұндай төлем шотын тек Kaspi Рау серіктестері бере алатынын дұрыс атап өттіңіз. Жеке тұлғаларда – Kaspi.kz клиенттерінде мұндай мүмкіндік жоқ. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында тауарларын немесе қызметтерін сататын ұйымдар біздің серіктес бола алады. Өкінішке қарай, алаяқтар бір орында тұрмайды, олар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуға тырысады. Бұл жағдайда серіктес бұрыннан бұғатталғанын хабарлаймыз", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу