Қазақстанда алаяқтар өздерін "Қазақстан қор биржасы" АҚ қызметкерлері деп таныстырып, өз жарналамаларында KASE логотипін немесе KASE қызметкерлерінің фотосуреттерін пайдаланып, жалған сайттар құрған жағдайлар жиілеп кетті.
Биржа азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің қулықтарына түспеуге шақырады. KASE ресми түрде Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алу үшін жеке немесе заңды тұлғаларға ешқашан өз қызметтерін ұсынбайтынын мәлімдейді.
"KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы болып табылады және тек қаржы ұйымдарымен (банктермен және брокерлік ұйымдармен) тікелей өзара іс-қимыл жасайды, оларға Биржаның сауда-саттық жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Биржаның сауда-саттық жүйесіне тікелей қосыла алатын және онда мәмілелер жасай алатын ұйымдар Биржаның мүшелері", – деп хабарлады KASE баспасөз қызметі.
Мүшелік санаттары мен байланыс ақпараты көрсетілген Биржа мүшелерінің тізімі KASE сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/membership/#brokers.
"Брокерлік ұйымдармен байланыста болған кезде абай болыңыз. Олар жеке инвесторларға қызмет көрсетеді және жеке клиенттердің атынан Биржаның сауда-саттық жүйесінде операциялар жасай алатын брокерлік ұйымдар. Бұл жағдайда алаяқтар көбінесе осындай ұйымдардың атынан әрекет етеді.
Есіңізде болсын! Ақшаны біреуге сеніп, Сіздің атыңыздан қандай да бір мәміле жасау туралы тапсырма бермес бұрын, мұндай тұлғаның түпнұсқалығын тексеріңіз. Егер күдік туындаса, қашықтан байланыстардан бас тартып, банктің немесе брокерлік ұйымның кеңсесіне хабарласыңыз", – деп ескертті "Қазақстан қор биржасы" АҚ баспасөз қызметі.
Алаяқтардың көпшілігі қалай әрекет етеді?
Олар өте кең таралған схеманы қолданады: танымал WhatsApp, Telegram, әлеуметтік желілер, электрондық пошта мессенджерлері арқылы азаматтарға хабарласады. Бұл ретте осы тұлғалар өздерін Биржаның немесе брокерлік ұйымның қызметкерлері деп таныстырады және бағалы қағаздарға ақша салуды ұсынады. Оның орнына, қаскүнемдер ықтимал жәбірленушіге жоғары инвестициялық табыс, кеңес беру, ілеспе қызметтер уәде етеді, ол үшін әртүрлі сомаларды брокерлік шоттарға аударуды сұрайды.
Ақша аударылғаннан кейін, алаяқтар клиент өз қаражатын брокерлік шоттан ішінара немесе толығымен шешіп алуға ниет білдірген сәтке дейін ынтымақтасады. Содан кейін "салымшылар" әдетте жалған брокерлермен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар, көп жағдайда алаяқтар бұрын салынған қаражаттың барлық сомасын бірден алу үшін қосымша сомаларды салуды талап етеді.
Жеке мүлікті сақтау және алаяқтардан қорғау мақсатында Биржа қазақстандықтарға мынадай қарапайым ережелерді басшылыққа алуды ұсынады:
Біріншіден, банк пен брокердің лицензиясы болуы керек. Банктер мен брокерлер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органы – агенттігінің (ҚНРДА) лицензиясы негізінде ғана жұмыс істейді. Қаржы делдалдарының қызметі ҚР Азаматтық кодексімен, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" ҚР Заңымен және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатаң реттеледі. Әрбір банк пен брокер клиентке осы клиентпен жасалған келісім-шарт негізінде ғана қызмет көрсетуге құқылы.
Екіншіден, берілген банктің немесе брокердің шынымен бар екеніне және клиенттерге қызмет көрсете алатынына көз жеткізіңіз. Жеке тұлғаларға қызмет көрсете алатын барлық банктер мен брокерлер Биржаның лицензиаттар немесе сауда-саттыққа қатысушылар тізімінде көрсетілген. ҚНРДА және KASE сайттарында банктің немесе брокердің бар-жоғын тексеріңіз. Банктің немесе брокерлік ұйымның кеңсесіне хабарласыңыз немесе оның байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз.
"Өз қаражатын қор нарығына сала отырып, инвестор нарықтық тәуекелдерден сақтандырылмайтынын және нәтижесінде табыс табуы да, шығынға ұшырауы да мүмкін екенін түсіну қажет. Сондықтан брокер клиентке жоғары инвестициялық кіріс алуға және (немесе) инвестициялар бойынша шығындардың болмауына кепілдік беруге міндетті емес және құқығы жоқ", – деп хабарлады Биржа.
Егер Сіз қаржылық алаяқтықтың кез келген түріне тап болсаңыз, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне +7 (727) 237 10 00 сенім телефоны арқылы хабарласуды ұсынамыз. Лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/266321?lang=ru.