Алаяқтар Қазпошта атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

407

 Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуде.

Алаяқтар Қазпошта атынан жалған хабарламалар таратып жатыр Фото: Қазпошта АҚ

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр. Бұл ретте олар "Қазақстан поштасынан" жалған смс-хабарламалар таратып, тұтынушылардың күмәнді сілтеме арқылы өтуін сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР азаматтары мен "Қазпошта" клиенттеріне сәлемдемені жеткізуді тоқтату туралы хабарламалар жіберілуде. Өздерінің сәлемдемелерін төлеу және алу үшін алаяқтар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуде", делінген ресми хабарламада.

Осы орайда "Қазпошта" АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларын аса сақ болуға шақырады. Бұған дейін фишингтік сайттар арқылы онлайн-тауарларды жеткізу қызметтерін ұсынатын алаяқтардың жағдайлары тіркелген.
"Қазпошта" АҚ ескертуінше, банк картасының нөмірі мен CVV кодын жарияламау аса маңызды.

 

"Егер сіз фишингтік сайттағы сілтемені пайдалана отырып, тауарды жеткізу төлемін жасауды шешсеңіз, бұл шешім үшін өзіңіз жауапты боласыз. "Қазпошта" АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жолдайды", деп жазды "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу