Алаяқтар компания басшысынан 20 миллион теңге бопсалаған

987

 Өздерін Ұлттық бюро қызметкері ретінде таныстырған тұлғалардың алаяқтық жасағаны анықталған.

Алаяқтар компания басшысынан 20 миллион теңге бопсалаған

Астанада екі алаяқ құзырлы органның атын жамылып, компания басшысынан 20 миллион теңге алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, өздерін Ұлттық бюро қызметкері ретінде таныстырған тұлғалардың алаяқтық жасағаны анықталған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында екі азамат өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырып, алаяқтық жасағанын анықтады. Олар акционерлік қоғамның басқарма төрағасынан заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, биржада заңсыз келісімдерді жүзеге асырғанын алға тартып, қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 20 миллион теңге сомасында ақша қаражатын алған", ­ деді ол баспасөз жиынында.

Департамент директоры алаяқтар қамауға алынбағанын атап өтті.

"Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуді қолдану туралы өтінішхат түсуіне байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Арман Бердалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу