Сізге "Қонаев әкімі" жазып жүрген жоқ па?

304

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сізге "Қонаев әкімі" жазып жүрген жоқ па? Фото: Қонаев әкімдігі

WhatsApp мессенджерінде Қонаев әкімі Асхат Бердіхановтың атынан азаматтарға түсініксіз хабарламалар келіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз. Шаһар басшысының іnstagram желісінде ғана ресми аккаунты бар @berdikhanov_askhat барлық жаңалық осы аккаунтта ғана жарияланады", - хабарлады қалалық әкімдіктен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу