Әлеуметтік желілер мен банк қосымшалары арқылы "неке мерзімін ұзарту қажет" деген жалған хабарламалар таралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Қазақстанда некені белгілі бір мерзімге тіркеу деген талап жоқ. Неке бір рет тіркеледі және оның қолданылу мерзімі белгіленбейді.
"Некені ұзарту" туралы хабарлама алған жағдайда көрсетілген сілтемеге өтпеу керек. Министрлік мұндай хабарламалардың алаяқтық сипатта екенін ескертті.

Талғат Уәли азаматтарды жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге және күмәнді сілтемелерді ашпауға шақырды.
"Неке тек заңда белгіленген тәртіппен, тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімі негізінде бұзылуы мүмкін. Сондықтан осындай хабарламаларға сенбеңіздер. Нақты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған жөн", – деді ол.