Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің атын жамылып, адамдарды алдап жүр

289

Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.  

Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің атын жамылып, адамдарды алдап жүр Фото: @asaiyn.baikhan

Алаяқтар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың атынан алаяқтық схемасын құрып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мен сіздерден телефон арқылы хат алмасуда және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуларыңызды сұраймын. Өкінішке орай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және кез келген адамның олардың арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін", - дейді облыс әкімі.

Байхановтың сөзінше, соңғы күндері әкімнің және бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, солардан қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге және басқа да адамдарға хабарламалар жіберілген.

Аймақ басшысы тек 3 ресми парақшасы барын айтты:

- @Instagram желісінде - @asaiyn.baikhan;
- Facebook желісінде - Асайын Байхан
- telegram арна - https://t.me/AsaiynBaikhan

"Сондай-ақ, мен WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан, егер сіз менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл алаяқтар. Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймын", - дейді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу