Алаяқтар Telegram-да "тегін электронды кітаптың" орнына вирустық файл жіберіп жатыр

143

ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Алаяқтар Telegram-да "тегін электронды кітаптың" орнына вирустық файл жіберіп жатыр Фото: securitylab.ru

Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиян файлдарды таратып жатыр. 

"Алаяқтар Telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді. Сондай-ақ бұл "тегін кітапхананың" салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты полиция кибергигиена ережелерін сақтаудың маңызы туралы ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу