Алаяқтар Twitter-дегі көк белгіні жеке ақпараттарды алу үшін қолданып жүр

679

Алаяқтар банк ұйымдары мен авиакомпаниялардың фейк аккаунттарын ашып, ақшаға көк құсбелгіні сатып алу арқылы елді алдап жүр.

Алаяқтар Twitter-дегі көк белгіні жеке ақпараттарды алу үшін қолданып жүр Фото: BBC

X желісінде (Twitter) оларға тиесілі көк құсбелгілері бар аккаунттардың біразын байқауға болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

Олардың құрығына көбіне әлеуметтік желі арқылы клиенттерді қолдау қызметіне жүгінетін банктердің, авиакомпаниялардың клиенттері түседі. Менеджерлердің атын жамылған зиянкестер пайдаланушыларға "тексерілген" X аккаунттарынан жазып, өтемақы төлеу үшін олардың банктік деректемелерін сұрайды. Ал клиенттер болса, X ресми түрде растаған көк белгі болғандықтан еш күмән келтірмейді.

Қазір бұл құсбелгіні X Premium (Twitter Blue) жазылу кезінде айына 11 долларға (5090 теңге) сатып алуға болады. Айына 1200 доллар (555 мың теңге) төлеуге дайын компаниялар Алтын белгі алады.

Х ережелері мен шарттарында қолданушының есептік жазбалары алдын-ала тексеруден өтіп жатқандығы көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу