Алаяқтар Ұлттық қордың атынан фейк жарнама таратып жатыр

507

Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы ақпарат тағы тарады. Енді алаяқтар Ұлттық қордың атынан әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар Ұлттық қордың атынан фейк жарнама таратып жатыр Фото: Shutterstock

Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған.

Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген.

Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.

Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады.

ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ.

Төлемдер бойынша барлық ақпарат Үкімет пен Ұлттық банктің порталдарында жарияланады.

Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы жайында хабарланған жоқ.

Соңғы кездері мемлекеттік органдардың атынан осындай хабарландырулар танымал әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу