Алаяқтар Wildberries атынан "ұтыс ойындарын" өткізіп жатыр

189

Осылай жеке деректерге қол жеткізіп жатыр.

Алаяқтар Wildberries атынан "ұтыс ойындарын" өткізіп жатыр Фото: Риа Новости

Қазақстандықтарға WhatsApp арқылы ресейлік Wildberries маркетплейсінен ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізетіні туралы хабарламалар келе бастады.

Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Wildberries-тің "ұтыс ойындары" туралы барлық ақпаратында белгісіз сайт жазылған. Сілтеме бойынша өтпеңіздер. Бұл фишинг болуы мүмкін, онлайн алаяқтар жеке деректеріңізді ұрлайды. Ақшаңыздан да айырылуыңыз мүмкін", – делінген хабарламада.

Wildberries компаниясының ресми сайтында мұндай ұтыс ойындары туралы ақпарат жоқ.

2023 жылдың наурызында алаяқтар Wildberries атынан ақшалай ұтыс ойындарын жариялаған. Осыған орай компания ресми мәлімдеме жасады.

"Алаяқтардың белсенділігінің артуына байланысты Wildberries басқа сайттарда ұтыс ойындары мен акциялар өткізбейтінін еске саламыз. Барлық өзекті ақпарат біздің сайтта және мобильді қосымшада жарияланған. Егер науқанға немесе ұтыс ойынына қатысуға шақыру алсаңыз және бұл туралы ақпарат біздің сайтта болмаса, бұл алаяқтар", – деп хабарлады Wildberries.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу