Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаскүнемдер хабарламада "шұғыл, тез әрекет ету керек" деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады.
Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.
Есте сақтаңыз:
- ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;
- күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;
- жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;
- кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу